«Жамбыл су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 74-НҚ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қазанынан бастап 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін орташа-босату тарифі ҚҚС-сыз 1 м³ үшін – 147,75 теңге көлемінде енгізіледі, оның ішінде тұтынушылар топтарына байланысты:
– есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 79,67 теңге;
– есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға – 158,83 теңге;
– жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 108,36 теңге;
– бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 390,00 теңге;
– 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 276,78 теңге.
________________________________________________________________________________________________________
Тарифтер ҚҚС 12 %-бен:
-орташа босату тарифі – 165,48 теңге;
-есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 89,23 теңге;
-есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға – 177,89 теңге;
-жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 121,36 теңге;
-бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 436,80 теңге;
-1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 310,00 теңге.
