Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мадениетті қалыптастыру

2025 жылғы 4-қыркүйекте Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шарасы жүргізілді.

-«Жамбыл су» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің мінез-құлық (әрекет ету) ережелері;

-Қала тұрғындарын сумен жабдықтау және кәріз желілерін жүргізу бойынша құжат рәсімдеуді бағдарлайтын ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №42 бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізудің тең жағдайларын қамтамасыз ету қағидалары».

Жиналыстың төрағасы К.Тулешев: «Жамбыл су» ШЖҚ МКК қызметкерлерінің мінез-құлық (әрекет ету) ереже талаптарына кеңінен тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді. Ұжым қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде шаралар қолдануға, өзінің жеке мінез-құлқымен адалдық пен әділеттілік үлгісін көрсетуге, қызметтік өкілеттігін пайдакүнемдік және өзге де мақсаттарда пайдалануға және тұтынушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермеуге, өз әріптестерінің тарапынан осындай әрекеттердің жолын кесу бойынша тиісті шаралар қолдануға міндетті екендерін айта келіп, осы аталған талаптардың орындалуы комплаенс-офицерлері тарапынан қатаң тексерілетінін жеткізді.