«Жамбыл су» МКК сарқынды суларды бұру қызметіне 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды

            Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 25 шілдедегі № 60-НҚ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа тарифтер енгізіледі.

            Сарқынды суларды бұру қызметіне орташа-босату тарифі 1м³ үшін ҚҚС-сыз – 40,49 теңге, оның ішінде санатына байланысты:

1 санат бойынша – жеке тұлғаларға – 33,70 теңге.

2 санат бойынша – жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 33,70 теңге.

3 санат бойынша – бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 56,52 теңге;

– 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 55,56 теңге.