«Жамбыл су» МКК сарқынды суларды бұру қызметіне 2025 жылдың 1 тамызынан бастап тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды

            Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 58-НҚ бұйрығына сәйкес 2025 жылдың 1 тамызынан бастап жаңа тарифтер енгізіледі.

            Сарқынды суларды бұру қызметіне орташа-босату тарифі 1м³ үшін ҚҚС-сыз – 22,32 теңге, оның ішінде санатына байланысты:

1 санат бойынша – жеке тұлғаларға – 22,32 теңге.

2 санат бойынша – жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 22,32 теңге.

3 санат бойынша – бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 22,32 теңге;

– 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 22,32 теңге.