“Жамбыл су” ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты
2025 жылғы 27-қарашада Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК басшы құрамымен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы «31» желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар талаптары негізінде әзірленген «Жамбыл Су» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының жобасы талқыланды.
«Жамбыл Су» ШЖҚ МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функцияларын жүзеге асыратын қызметтің негізгі міндеті осы ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылады, осы бағытта нәтижелі қызмет атқару үшін барлық талаптар қамтылған, әзірленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт бір ауыздан бекітуге ұсынылды.


