Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жинақтау жәшігі
Cыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін жеке бастарының пайдасына асыра пайдалануына жол бермеу мақсатында «Жамбыл су» ШЖҚ МКК тұтынушылар көп шоғырланатын ғимаратында «Азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін жинақтау жәшігі» және ақпарат бұрышында «1424» сенім телефоны мен жемқорлыққа қарсы үнпарақтар орнатылды.
Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады.
