Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шарасы

2025 жылғы 18-наурызда Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру және оқыту іс-шарасы жүргізілді.

Күн тәртібінде «Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676 бабы (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі), 678 бабы (заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) талаптары туралы мәселелер қаралды.

Жиналыстың төрағасы К.Тулешев: сыбайлас жемқорлық-кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол еліміздегі осы бағытта қызмет атқарып жатқан мекемелердің өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындауларына кері әсерін тигізеді, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді деген ойымен жиналысты қорытындылады.