Жұмысшы мерейлі мамандық

«Жамбыл су» ШЖҚ МКК 2025 жылғы 14-наурызда «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының өкілдерінің қатысуымен «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай «Жұмысшы мерейлі мамандық» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға мекемемізде ұзақ жылдары абыроймен қызмет атқарған еңбек ардагерлері шақырылды. Ардагерлер – кез келген қоғамның алтын қазынасы. Олардың ақыл-кеңесі мен баталарын алып отыру қашан да артық етпейді. Қартын сыйлаған ел бақытты.

Кездесудің мақсаты арттарынан ерген жас әріптестерге ақыл-кеңес беріп, тәжірибелерімен бөлісу

Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан еңбек адамының мәртебесін көтеру жолындағы жұмыс жалғасын табады.

Сонымен қатар, мекемеміздің жұмысшылары елеулі еңбектері үшін «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.