Қалалық су құбырына қосылу үшін техникалық шарттың берілу ережелері
«Табиғи монополия саласында (тауарларды, жұмыстарды) реттелетін қызметтерге тең шарттарды ұсыну Ережесін бекіту туралы» 2014 жылдың 29 желтоқсанындағы № 175 бұйрықтан үзінді көшірме
Нысандарды су жүйесіне және құбыр кәріздері жүйесіне қосуға Техникалық шарттарды алу үшін, келесі құжаттарды ұсыну қажет:
- Құрылыс нормалары және Ережелеріне сәйкес (жеке тұрғын-үй (ЖТҮ) құрылысына қажет емес) орындалған су тарту және өрт сөндіру, су тұтыну барысында су шығынын көрсететін есептерін;
- Жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын күәлік көшірмесі, заңды тұлғалар үшін – бизнесті сәйкестендіру нөмірі (БИН);
- Құқық белгілеуші құжаттардың (жер телімінің жеке меншіктігі құқықтық Актісі, оны беру негізі-Әкімдіктің Қаулысының көшірмелері (сатып алу-сату шартының көшірмесі, сыйға тарту шарты және тағы басқа) көшірмелері;
- Техникалық шарттарға сұрау салу кезінде объектінің жер телімі актілеріне сәйкес қолданыстағы жағдайын қамтитын таңдалған жер телімі шектігін көрсетуімен ахуалдық сызбанұсқасы.