Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында атқарылған іс-шара
2024 жылғы 28-қазанда Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК өтінім жөніндегі қызметінің қызметкерлерімен жиналыс жүргізілді. Жиналысқа «Жамбыл су» ШЖҚ МКК өтім жөніндегі қызметінің №№1, 2, 3, 4 тұтынушылар бөлімдерінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде «Жамбыл су» мекеме бақылаушыларының қызметтік міндеттерін орындау тәртібі және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676 бабы (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі), 678 бабы (заңды тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) талаптары туралы мәселелер қаралды.
Жиналыс соңында №№1,2,3,4 тұтынушылар бөлімінің басшылары: С.Умбеталиевке, Ж.Шымырбаеваға, Н.Елубаевқа, Г.Ниязбековаға күнделікті жұмысқа шығар алдында жүргізілетін нұсқаулық беру барысында қолдану үшін арнайы әзірленген бақылаушыларының қызметтік міндеттерін орындау тәртібінің көшірмелері таратылды. Сонымен қатар өтінім жөніндегі қызметінің қызметкерлерінен жоғарыда аталған тәртіп, заң баптарының мазмұнымен танысқандары жөнінде қолтаңба алынды. Жиналыстың төрағасы К.Тулешев: сыбайлас жемқорлық-кез келген елдің өркендеп-дамуына кері әсерін тигізетін негізгі факторлардың бірі. Ол еліміздегі осы бағытта қызмет атқарып жатқан мекемелердің өздеріне жүктелген міндеттерді тиісті дәрежеде орындауларына кері әсерін тигізеді, беделіне нұқсан келтіреді, заң үстемдігін теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады, мемлекет пен қоғамның тұрақтылығына қауіп төндіріп, жүргізіліп жатқан экономикалық және әлеуметтік реформаларға кедергі келтіреді деген ойымен жиналысты аяқтады.