СЫБАЙЛАС

Қазақстанда түрлі мәселелерді шешкені үшін лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелеу жағдайлары және алаяқтық жиілеп кетті.

Соңғы үш жылда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтық фактілері бойынша 600-ден астам қылмыстық іс болған. 313 адам сотталды.

Қазір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өндірісінде алаяқтарға, делдалдарға және пара беруге итермелеушілерге қатысты бірқатар қылмыстық істер бар.

Алаяқтарға берілген ақшалай қаражаттың жалпы сомасы 17 млрд теңгеден асады.

📞Call-центр – 1424

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Гүлназ Бақытжанқызымен бірлесіп, АПО бөлімдерінің бақылаушылары үшін жиналыс өткізілді.”Комплаенс” қызметінің жұмысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы түсіндіру

Тұтынушылардың “Жамбыл су” кәсіпорны бақылаушыларының жұмысына, атап айтқанда, есепке алу аспаптарын (су өлшегішті) сатып алу үшін ақша жинауға, осы аспаптарды мемлекеттік тексеруден өткізуге, сондай-ақ техникалық құжаттаманы жинауға және дайындауға шағымдарының жиілеп кеткен жағдайларына байланысты, хабарлаймыз:

“Жамбыл су” кәсіпорны бақылаушыларының қызметтік міндеттеріне тұтынушылардан тұтынылған су мен су бұру ( кәріз) үшін ақы төлеуден басқа ешбір қызмет үшін ақша жинау кірмейді. Тұтынылған қызметтер үшін қаражат қабылданғаннан кейін бақылаушы тұтынушыға фискалдық чек беруге міндетті. Тұтынылған қызметтер үшін бақылаушының Жеке шотына төлеу де заңсыз болып табылады.

Егер бақылаушының заңсыз әрекеттеріне күдік болса, сіз комплаенс қызметінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 87077475775 бөліміне жүгіне аласыз.

«Жамбыл су» МКК сыбайлас жемқорлыққа қарсы «комплаенс» қызметінің басшысы Төлешев Қаныбек Жүнісұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың қағидаларын түсіндірді.
1-заңдылық
2- ашықтық
3-этика
4-жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау
5- мүдделер қақтығысын болдырмау.