Зертхана

«Тараз су» МКК сынақ зертханасы

Ауыз су – бұл біздің өміріміздің ажырамас элементі, біздің ортақ байлығымыз, денсаулығымыз, қуанышымыз.

Орталықтандырылған сумен жабдықтауға берілетін ауыз судың сапасы туралы мәселесі өте маңызды. Халықтың денсаулығы, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығының деңгейі, қаланы көріктендіру дәрежесі осыған байланысты.

Ауыз суға қойылатын негізгі талаптар, ол эпидемиялық және радиациялық жағынан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз болуы тиіс және жағымды органолептикалық қасиеттері болу керек.

«Тараз су» МКК аккредиттелген сынақ зертханасы ауыз судың, сумен жабдықтау көздерінің, өндірістік кәсіпорындардың ағынды суларының сапасын бақылайды.

Сынақ зертханасы өз қызметінде ҚР қолданыстағы заңнамасын,  ұйымдастырушылық және әдістемелік құжаттарды басшылыққа алады, сынақ өткізу үшін әртүрлі санаттағы нормативтік құжаттамамен қамтамасыз етілген.

Сынақ зертханасы аккредиттелген және барлық МСТ ИСО/МЭК 17025-2009 талаптарға сай келеді, оны 2016-жылғы 25-сәуірдегі № KZ.И.08.1111  аккредиттеу куәлігі айғақтайды.

 

Сынақ зертханасы әр түрлі іс-шараларға қатысып, өз құзыреттілігін үнемі растайды. Сынақ зертханасы судың ионды-тұзды стандарттық үлгілерін бақылаумен зертханааралық салыстырмалы сынақтарға  жыл сайын қатысып, үнемі жоғарғы нәтижелер көрсетеді. Сынақ зертханасы «Эксперт» Оқу орталығы» ЖШС өткен Сапа күніне ұштастырылған «Үздік зертхана» байқауына қатысып, жүлделі бірінші орынды иеленген.

Сынақ зертханасының ұйымдық құрылымы үш бөлімнен тұрады: ауыз су және ағынды судың химиялық және бактериологиялық бөлімдері.

Ауыз судың химиялық және бактериологиялық бөлімдері бір-бірімен байланысты. Ауыз судың химиялық және бактериологиялық бөлімдерінің негізгі міндеттері Тараз қаласының таратқыш желісін және таратушы желісін орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің толық химиялық, бактериологиялық талдаулары болып табылады.

Ауыз судың органолептикалық, бактериологиялық және химиялық құрамын бақылау күн сайын кәсіпорын «Тараз Су» директоры бекіткен және ҚР Денсаулық сақтау Министірлігінің Жамбыл облысы бойынша қоғамдық денсаулығын сақтау Комитет басшысымен келісілген кесте бойынша жүргізіледі.

2015 жыл 16-наурыздағы №209 «Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаттары үшін бөгеттердің орындарына, шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету және тұрмыстық-мәдени су пайдалану орындарына, сонымен қатар су нысандарының қауіпсіздігі» санитарлық ережелер талаптарына сәйкес, бақыланатын параметрлер қатарына келесі 29 көрсеткіштер енгізілген:

Органолептикалық көрсеткіштері:

 

  • иісі
  • дәмі
  • түсі
  • бұлдырлығы

 

Қорытынды көрсеткіштері:

  • pH
  • жалпы қаттылық
  • жалпы минералдау (құрғақ қалдық)
  • перманганат тотығу
  • мұнай өнімдері, жинақ

 

Органикалық емес заттар:

  • бор
  • темір
  • сульфаттар
  • марганец
  • мыс
  • мырыш
  • молибден
  • хлоридтер
  • нитраттар
  • қорғасын
  • Аммиак
  • Алюминий
  • Нитриттер
  • Полифосфаттар
  • Хром
  • Фтор

 

Микробиологиялық көрсеткіштері:

 

  • термотолерантты колиформдық бактериялар
  • жалпы колиформдық бактериялар
  • жалпы микробтар саны

 

Су өңдеуге байланысты заттардың келуі.

  • қалдық хлор, бос санитарлық-токсикологиялық бақылау

 

Ауыз су сапасын бақылау бағдарламасына, сондай-ақ тұрғындардың тарату желісі алдында, жылына бір рет бақылау нүктелеріне радиологиялық бақылау енгізілген.

Тараз қаласында орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су, өндірістік және өртке қарсы сумен жабдықтау біріккен жүйесі қызмет етеді. Сумен қамтамасыз ету үшін, Талас-Аса кен орынның жер асты сулары ғана пайдаланылады.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне су келесі көздерден беріледі:

  • Жалпақ-Төбе ауылында №1 басты су тоғанын (зарарсыздандырғаннан кейін) Песчаная көшесі бойынша II-ші сорғы станциясының көтеру алаңына Ø 700 мм су тартқыш бойымен, басқа Ø 1000 мм су тартқыш бойымен, су ЖЭО-4 беріледі. Су құбырының екеуі де, апатты жағдайда ауыстырып-қосу үшін 2 бөгетпен біріктірілген.
  • Құмшағал станциясының ауданында №3 Оңтүстік-батыс су бөгетінде, диаметрлері 500, 700 және 1000 мм тармақтары бойынша су №3 НС-2-ші көтеру алаңына келеді, зарарсыздандырылады және оны РК-4 пен қаланың ықшам аудандарына беріледі.
  • Тарату желісіне тікелей қосылу арқылы, қаланың түрлі бөліктерінде оқшау орналасқан ұңғымаларды.

«Тараз Су» МКК сынақ зертханасының деректері бойынша, ұнғымалардан, сондай-ақ жергілікті ұнғымалар арқылы берілетін судын құрамы Санитарлық ережелер талаптарына сәйкес, сондықтан қосымша тазартуды талап етпейді.  Суды тұтынушыға берілетін жолдары арқылы залалсыздандыру үшін, оны желіге қосар алдында натрий гипохлоритімен хлорландырады (ас тұз электролизімен). Ол үшін, су бөгеттерінде «Хлор-2001» хлорлы қондырғылар қолданады, сағат сайын хлор қалдығы анықталады. Ауыз судағы хлордың болмашы иісі су бактериологиялық ластанудан залалсыздандырылғанын және стандартқа сай келетінің көрсетеді. Хлордың жеңіл қоспасы – қалдық хлор, судың  тұтынушыға берілетін жолдары бойынша зақымдануын алдын алу үшін қажет және бұл денсаулық үшін мүлдем зиянсыз, ашық ыдыста немесе қайнатқан кезде иісі тез ұшып кетеді.

Сынақ зертханасында маңызды бөлімшелерінің бірі, бұл төгілетін тазартылған сарқынды суларды бақылау бөлімі. Бөлімнің негізгі қызметтері өндірістік ұйымдардың қалалық кәрізге ағызылатын сарқынды сулар сапасын, сондай-ақ қалалық сүзілу алаңдарына қабылданатын ағынды сулардың сапасын және сүзгілеу алаңдары орналасқан ауданда ұнғымаларын ай сайын бақылау болып табылады.

Сынақ зертханасы қажетті өлшеу құралдармен, зертханалық сынау және көмекші құрал-жабдықтармен, химиялық реактивтермен, қоректік орталармен және көрсеткіштерін анықтау үшін ыдыспен жабдықталған.

Сынақ зертханасын жаңарту және жетілдіру бойынша жұмыстары ҚР нарығында жаңа жабдықта тапжылмай жүргізілуде. Жыл сайын осы мақсаттар үшін қаражат геометриялық прогрессияда бөлінеді.

Сынақ зертханасына үнемі су сапасын бағалау мен бақылаудың жаңа әдістемесі енгізілуде.

Бүгінгі күні, қолданыстағы өлшеу құралдары және сынақ жабдықтары сынақтың толықтығын және дұрыстығын, сынақ жүргізудің дұрыстығы мен нәтижелерінің дәлдігін талаптарға сәйкес қамтамасыз етеді.

Қызметкерлердің сынақтар саласында қажетті біліктілігі мен құзыреттілігі бар.

«Тараз су» МКК сынақ зертханасы – бұл қазіргі заманғы, үлгілі-көрнекті жоғары деңгейдегі зертхана.