2024 жылғы тариф

«Жамбыл су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтеріне тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 24-НҚ бұйрығына сәйкес, суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне 2024 жылдың 2 наурызынан   бастап орташа-босату тарифі ҚҚС-сыз 1м³ үшін – 108,90 теңге көлемінде енгізіледі, оның ішінде тұтынушылар топтарына байланысты:

– есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 71,43 теңге;

– жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 74,90 теңге;

– бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 232,89 теңге;

– есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға – 166,07 теңге;

– басқа да тұтынушыларға – 181,89 теңге.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 25-НҚ бұйрығына сәйкес, сарқынды суларды бұру қызметіне 2024 жылдың 2-наурызынан   бастап орташа-босату тарифі ҚҚС-сыз 1м³ үшін – 42,06 теңге көлемінде енгізіледі, оның ішінде санатына байланысты:

–  су өлшегіш құралдары бар жеке тұлғаларға – 27,51 теңге.

– жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 71,22 теңге.

– бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 47,56  теңге;

– 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 98,60 теңге.