«Жамбыл су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды

«Жамбыл су» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 31-НҚ бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 мамырынан бастап орташа-босату тарифі ҚҚС-сыз 1 м³ үшін – 147,75 теңге көлемінде енгізіледі, оның ішінде тұтынушылар топтарына байланысты:

1-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 3,0 м³ аспайтын есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 108,36 теңге; (ҚҚС-мен 121,36 теңге)

2-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 3 тен 5 м³ дейін есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 130,03 теңге; (ҚҚС-мен 145,63 теңге)

3-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 5 тен 10 м³ дейін есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 162,55 теңге; (ҚҚС-мен 182,06 теңге)

4-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 10 м³ жоғары есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 216,72 теңге; (ҚҚС-мен 242,73 теңге)

            – есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға – 216,72 теңге; (ҚҚС-мен 243,73 теңге)

– жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 108,36 теңге; (ҚҚС-мен 121,36 теңге)

– бюджет қаржысымен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге – 288,41 теңге; (ҚҚС-мен 323,02 теңге) – 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 225,25 теңге (ҚҚС-мен 252,28 теңге) мөлшерінде бекітілсін.