Ауыз судың өшірілуі жайында Хабарландыру

Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

     «Тараз су» МКК хабарлайды: Қалалық су сорап стансасында жоспарланған жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2019 жылдың 15-нен 16-шы тамызға қараған түні сағат 00-00-ден бастап 06-00-ге дейін қаланың барлық мөлтек аудандарында, «Тайвань»,  «Көктем»,  «Арай» алқаптарында, Толстой, Ишина көшелерінде және сол көшелерге жақын орналасқан көшелер мен бұрылыстарында ауыз су өшіріледі.

Қаланың орталық аудандарында су қысымы азайып, шектелетінін хабарлаймыз. ҚАЖЕТТІ СУ МӨЛШЕРІМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУЛЕРІҢІЗДІ СҰРАНАМЫЗ! Уақытша болатын келеңсіздіктер үшін кешірім сұраймыз. Бұл хабарландыруды Сіздер, біздің Instagram (gkp_taraz-su) парақшамызда, сонымен қатар, Facebook (ГКП Тараз су), Қазақстан-Тараз (JAMBYL) телеарнасында және «Жамбыл-Тараз» газет бетінен және біздің веб-сайттан www.tarazsu.kz оқи аласыздар!

Құрметпен, «Тараз су» МКК