Суық су есептеу құралдарының келесі (кезектен тыс) тексеру ережесі

  1. Су есептеу құрылғысын тексеру үшін, Абонент су өлшеу бөліміне тексеру мерзімнің өтуіне байланысты, есептеу құралын тексеру мен пломбасынан шешу жолдамасын ескертумен 1-АБ, 2-АБ ұсынысын тапсырады.
  2. Су есептеу құрылғысын тексеру үшін, Абонент су өлшеу бөліміне берешектің болмауы туралы анықтаманы немесе тексеріс алдындағы айдың төленген түбіртегін ұсынады.
  3. Абонент, су есептеу құрылғысын тексеру жолдамасын алғаннан кейін, құрылғыны өзі шешуге құқылы немесе  бөлшектеу/монтаждау құнын Су өлшеу бөліміне төлеуге міндетті.
  4. Абонент, су есептеу құрылғысын тексеру үшін Су өлшеу бөлімнің кассиріне тексеру, пломбалау құнын, қажет болған жағдайда бөлшектеу/монтаждау құнын да төлейді.
  5. Су өлшеу құрылғысын тексергеннен кейін, Су өлшеу бөлімнің қызметкерлері Абонентке тексеруден өткені туралы белгіленген үлгідегі Сертификат береді.
  6. Тексерілген су өлшеу құрылғысын орнатқаннан кейін, Су өлшеу бөлімнің қызметкері, Су өлшеу бөлімде тіркелген пломбалау туралы 2 дана актісін толтырады. Актіде нөмірі, пломбалау/орнату мерзімі, мекенжайы және Абоненттің аты-жөні, құрылғының нөмірі мен маркасы, орнату орны, анықтама немесе түбіртек нөмірі, құрылғыны немесе пломбаны орнатқан қызметкердің аты-жөні жазылуы тиіс.