Келісім-шарт

Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған келісім-шарт

Тараз қаласы                     20__ жылғы «__» ___

Бұдан әрі Өнім беруші деп аталатын, сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) ұсынатын Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз су» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны атынан Жарғы негізінде әрекет ететін директор М.Р. Смаилов, бір тараптан және_______________________________________________

бұдан әрі Тұтынушы деп аталатын атынан _______________

негізінде әрекет ететін______________________________________________

екінші тараптан, төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:

  1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар
  2. Шартта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

теңгерімдік тиесілілігін бөлу шекарасы – меншіктік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иеленушілер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру және олардағы құрылыстар жүйелерінің элементтерін бөлу сызығы;

есепке алу аспаптарын тексеру – есепке алу аспаптарының жай-күйін тексеру, техникалық талаптарға сәйкес келетіндігін айқындау және растау және олардың көрсеткіштерін жазып алу мақсатында Өнім берушінің өкілі орындайтын операциялар жиынтығы;

есепке алу аспабы – белгілі бір уақыт аралығы ішінде нақты шама бірлігін шығаратын және сақтайтын нормаланған метрологиялық сипаттамасы бар су көлемін өлшеуге арналған және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңында белгіленген тәртіппен коммерциялық есептеуге колдануға рұқсат берілген техникалық құрал;

есеп айырысу кезеңі – Тұтынушымен қызмет көрсеткені үшін есеп айырысатын айдың бірінші күні сағат 00-00-ден бастап соңғы күні сағат 24-00-ге дейінгі күнтізбелік бір айға тен уақыт кезеңі ретінде Шартта белгіленген кезең;

пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы – Тараптардың келісімімен белгіленетін сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің элементтерін пайдаланғаны үшін міндеттер (жауапкершілік) белгісі бойынша сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің (су құбырлары және кәріз желілері және олардағы құрылыстар) элементтерін бөлу сызығы. Осындай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы бойынша белгіленеді;

теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекарасы – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша иелер арасындағы сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жүйелерінің және олардың құрылыстардың элементтерін бөлу сызығы;

төлем құжаты – Қызмет берушінің көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынғаны үшін ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған кұжат (шот, хабарлама, түбіртек, ескерту шоты), оның негізінде төлем жүргізіледі;

тұтынушы – табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланатын немесе пайдалануға ниетті жеке немесе заңды тұлға;

уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.

Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Су кодексіне және табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылады.

  1. Шарттың нысанасы
  2. Шарттың талаптарына сәйкес Өнім беруші Тұтынушыға сумен жабдықтау және/немесе су бұру жөніндегі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді, ал Тұтынушы ұсынылған көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге міндеттенеді.
  3. Ұсынылатын қызметтердің сипаттамалары мен берілетін судың сапасы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, санитарлық-гигиеналық кағидалар мен нормаларға, ұлттық стандарттарға сәйкес келуге тиіс.
  4. Шарт техникалық шарттарды орындау кезінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру желілеріне қосылған қажетті жабдық Тұтынушыда болған кезде онымен жеке тәртіппен жасалады.

Заңнамада көзделген жағдайларда, Тұтынушы Шарт жасасу жөніндегі өзінің өкілдігін үшінші тұлғаға беруге құқығы бар.

  1. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну режимі – тәулік бойы.
  2. Кондоминиум объектілерінің су құбыры желісін пайдалану жауапкершілігінің бөлу шекарасы жеке тұрғын үй құрылысы объектілерінің және заңды тұлғалардың ғимаратына кірердегі соңғы ысырманың бөлуші фланеці – Өнім берушінің су құбыры желілеріне қосу орнындағы айдау-ажыратқыш арматураның соңңы фланеці болып табылады.

Кондоминиум объектілерінің сарқынды суларды бұру жүйесіндегі пайдалану жауапкершілігің бөлу шекарасы елді мекеннің сарқынды суларды бұру жүйелеріне қосылған жердегі құдық болып табылады.

  1. Көрсетілетін қызметтерді ұсыну шарттары       7. Көрсетілетін қызметтерді беруді тоқтата тұру:
  • авария жағдайы не азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне қауіп төнген;
  • Өнім берушінің желісіне өздігінен қосылған;
  • есеп айырысу кезеңінен кейінгі екі айдың ішінде көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы жасалмаған;
  • Өнім берушінің өкілдерін есепке алу аспаптарына бірнеше рет жібермеген;
  • құбыржолдарға дезинфекция жүргізу қажет болған;
  • нормативтік құқықтық актілерде және Тараптардың келісімінде көзделген басқа да жағдайларда жүргізіледі.

Осы тармақтың 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда Тұтынушы көрсетілетін қызметтер беруді тоқтатқанға дейін кемінде бір ай бұрын хабардар етіледі.

  1. Шарттың 7-тармағының 1) және 2) тармақшаларында ескертілген жағдайларда пайда болған бұзушылықтарды алып тастаған және жойған кезде Тұтынушыны қосу жүргізіледі.

Шарттың 7-тармағының 3) тармақшасында көзделген бұзушылықтар үшін Тұтынушыға қызметтер ұсынуды тоқтата тұрған жағдайда, қосу борышты өтегеннен кейін жүргізіледі. Бірнеше рет ажыратылған жағдайда қосу борышты өтегеннен және қосқаны үшін ақы төлегеннен кейін жүргізіледі.

  1. Көрсетілетін қызметтердің құны және оған ақы төлеу тәртібі

9.Осы шарт бойынша ұсынылған қызметтер үшін ақы төлеу уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.

Көрсетілетін қызметтердің құны шарттың өзге талаптары сияқты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларынан басқа барлық тұтынушылар үшін бірдей белгіленеді.

10.Тұтынушы ақы төлеуді нақты ұсынылған қызметтердің мөлшері үшін ай сайын төлем құжатының негізінде, келесі есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде жүргізеді. Есеп айырысу кезеңі бір күнтізбелік айды құрайды.

  1. Көрсетілетін қызметтерді босатуды және тұтынуды есепке алу

11.Берілген су мөлшері жеке есепке алу аспаптарының көрсеткіштері бойынша, жеке есепке алу аспаптары болмаған кезде – деректерді нақты тұратын адамдар санына сәйкес бөле отырып, үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері бойынша, ал олар болмаған кезде – осы елді мекен үшін бекітілген су тұтыну нормалары бойынша есеп айырысу жолымен белгіленеді.

Өнім берушімен есеп айырысу үшін өрт сөндіру автоцистерналарына кұюға пайдаланатын судың мөлшері жолға шығатын техникамен өрт сөндіру депосы ғимараттарында ескерілмейді.

Жеке есепке алу аспаптары мен үйге ортақ есепке алу аспабы 100 % болған кезде үйге ортақ есепке алу аспабының көрсеткіштері мен жеке есепке алу аспаптарының жиынтық көрсеткіштерінің арасындағы айырмашылық нақты тұратын адамдардың санына сәйкес, өзге жағдайларда – тараптардың келісімі бойынша кондоминиум объектісі меншік иелерінің ақы төлеуіне жатады.

12.Тұтынушыдан бөлінген су мөлшері сарқынды су бұру және (немесе) тазарту желісінде:

  • ыстық сумен жабдықтау жүйесі жабық болған кезде, жергілікті cу жылытқыш пайдатанылған жағдайда – берілген суық су мөлшеріне;
  • ыстық сумен жабдықтау жүйесі ашық болған кезде, ыстық су орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінен келіп түскен жағдайда – берілген суық су мөлшеріне ыстық сумен жабдықтауға берілген судың мөлшерін косып тең қабылданады.

13.Сарқынды суды бұру жүйесіне құйылмайтын су сарқынды суды бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтері үшін ақы есептеу кезінде есепке алынбайды. Есепке алынбайтын судың көлемі технологиялық есеп айырысуларға сәйкес айқындалады.

14.Тұтынушыны есепке алу аспаптарынсыз тікелей қосуға Өнім берушінің рұқсатымен уақытша жол беріледі. Мұндай жағдайда берілген көрсетілетін қызметтің мөлшерін Өнім беруші есеп айырысу жолымен су тұтыну нормалары бойынша белгілейді.

15.Тұтынушының кінәсінсіз есепке алу уакытша бұзылған кезде көрсетілетін қызметтер үшін есеп айырысу алдыңғы есеп айырысу кезеңінің орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізіледі.

16.Пәтерде немесе жеке үйде орнатылған есепке алу аспаптарының сақталуын қамтамасыз ету Тұтынушыға жүктеледі. Өнім беруші есепке алу аспаптарын арнайы бөлінген үй-жайға орнатқан кезде олардың сақталуы үшін Өнім беруші жауап береді.

17.Есепке алу аспаптарын белгісіз бір тұлғалар ұрлаған немесе сындырған жағдайда, оның сақталуына жауапты адам, егер Тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, бір ай мерзімде есепке алу аспаптарын қалпына келтіруге міндетті. Есепке алу аспаптарын калпына келтіру сәтіне дейін Өнім беруші Тұтынушыны сумен жабдықтау желілеріне қосады.

18.Тұтынушыда суды есепке алу схемаларын бұзу, басқару тораптарында және есепке алу аспаптарында пломбаларды жұлып алу, есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бұрмалайтын кұралдарды орнату фактілері анықталған жағдайда, Тұтынушыға суды пайдаланғаны үшін соңғы тексеру жүргізілген күнінен бастап анықталған күнге дейін екі айдан аспайтын мерзімге құбыржолы 24 сағат бойы жұмыс істеп тұрған кезде оның басқару торабына дейін толық өткізу қабілеттігі есебінен қайта есептеу жүргізіледі.

  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

19.Тұтынушы:

  • көрсетілетін қызметтерді белгіленген сапада, оның денсаулығына қауіпсіз, оның мүлкіне зиян келтірмейтін Шарттың талаптарына сәйкес мөлшерде алуға;
  • қажетті көлемдегі сарқынды суды рұқсат етілген жүктемелер шегінде айдауға;
  • Өнім берушіден көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарын орнатуды талап етуге;
  • Өнім берушінің заңнамаға қайшы келетін әрекеттерін немесе әрекетсіздігін уәкілетті орган ведомствосына және (немесе) cот тәртібімен шағым жасауға;
  • көрсетілетін қызметтерге арналған тариф жобасын талқылау жөнінде өткізілетін жария тыңдауларға катысуға;
  • уақтылы төлем жасаған жағдайда оған қажетті көлемде қызметтер көрсетуді пайдалануға;
  • Өнім берушіден қызметтер көрсетуді тиісінше ұсына алмау салдарынан өмірге, денсаулыққа және (немесе) мүлікке келтірілген залалды толық көлемде өтеуді, сондай-ақ моральдық залалды өтеуді белгіленген тәртіппен талап етуге;
  • мемлекеттік стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін көрсетілетін қызметті ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуді талап етуге;
  • егер Өнім беруші белгіленген тәртіппен шот қоймаса, алынған қызметтер үшін ақы төлеуді жүргізбеуге;
  • Өнім берушіні бұл туралы бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар еткен кезде ұсынылған қызмет үшін ақы төленген жағдайда. Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.

20.Тұтынушы:

  • коммуналдық реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын берілген төлем құжаттарына сәйкес ұсынылған қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;
  • Өнім берушіге көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде туындаған сумен жабдықтау, су бұру жүйелері құрылысының және есепке алу аспаптарының жұмысындағы ақаулар туралы, ал сумен жабдықтау мен су бұру жүйесінің құрылысы бұзылған немесе ластайтын, улы заттарды авариялық тастау жағдайында – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі жергілікті органдарға, мемлекеттік өртке қарсы қызметке, санитарлық-эпидемиологиялық қызметке және қоршаған ортаны қорғау қызметіне де дереу хабарлауға;
  • Өнім беруші өкілдерін желілердің құралдардың және жабдықтардың техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін бақылау үшін есепке алу аспаптарына жіберуді қамтамасыз етуге;
  • көрсетілетін қызметтерді пайдалану кезінде техника қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтауға;
  • оның қарауындағы немесе қызмет көрсетуіндегі сумен жабдықтау мен cу бұрудың пайдаланылатын жүйелерінің сақталуын, тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

21.Өнім беруші:

  • ұсынылған қызметтер көрсету үшін уақтылы және толық көлемде ақы алуға;
  • уәкілетті орган бекіткен тәртіппен тарифтердің қолданыстағы кезеңіне барлық Тұтынушылар үшін ұсынылатын қызметтердің тарифтерін азайтуға;
  • сумен жабдықтау, су бұру жүйелері құрылысына техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге және есепке алу аспаптарын тексеру мен тексерісті ұйымдастыруға;
  • көрсетілетін қызметтерді тұтынуға және оған ақы төлеуді бақылауды жүзеге асыруға-құқығы бар.

22.Өнім беруші:

  • Тұтынушыны басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерінен көрсетілетін қызметтерді алуға шектеусіз Шарттың талаптарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді уақтылы және үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етуге;
  • көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және Тұтынушыларға орнатуға;
  • басқа тұлғаларға қызмет көрсетумен байланысты кез келген функцияларды беруге жол бермеуге;
  • ұсынылатын қызметтердің сапасы мен мөлшеріне есеп жүргізуге және оның бақылауға, көрсетілетін қызметтерді ұсынудағы бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға;
  • Тұтынушымен көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған шарт жасасуға;
  • Тұтынушыға ұсынылатын қызметтер үшін ақы төлеуге келесі есепті кезеңнен кейінгі айдың оныншы күніне дейінгі мерзімде төлем құжатын ұсынуға;
  • Тұтынушыларды тарифтердің өзгергені туралы олар қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге;
  • Тұтынушының негізделген талаптары бойынша 24 сагаттың ішінде ұсынылатын кызметтердің сапасы мен көлемін қалпына келтіру жөнінде шаралар қолдануға;
  • Тұтынушының сумен жабдықтау мен су бұру желілерін, есепке алу аспаптарын тексеру кезінде, сондай-ақ есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алған кезде қызметтік куәлікті көрсетуге;
  • алдын алу және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінде Тұтынушыға ауыз суды көлік құралдарымен жеткізіп беруге;
  • Тұтынушының дербес деректерінің кұпиялылығын үшінші түлғалардың санкцияланбаған қол жеткізуінен қамтамасыз етуге міндетті.

7.Тараптарды шектеу

23.Тұтынушыға:

1) Өнім берушінің келісімінсіз үй ішіндегі желілерді, сумен жабдықтау, су бұру жүйелері құрылыстары мен есепке алу аспаптарын қайта жабдықтауға;

2) көрсетілетін қызметтердің қолда бар есепке алу схемаларын бұзуға тыйым салынады.

  1. Қызмет берушіге:
  • басқа Тұтынушылардың талаптарды орындамауы себептерінен Тұтынушыны көрсетілетін қызметтерді ұсынудан бас тартуға немесе оларды алудан шектеуге;
  • ұсынылған қызмет үшін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген мөлшерден асатын ақы алуға;
  • Тұтынушыдан көрсетілетін қызметтерге төлем құжаттарын ұсынбай ай сайын ақы төлеуді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер үшін алдын ала ақы төлеуді талап етуге тыйым салынады.

25.Тараптарға Тараптардың құқықтарын шектейтін не Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгеше түрде бұзатын іс-әрекеттер жасауға  тыйым салынады.

    8.Тараптардың жауапкершілігі

  1. Жабдықтар мен инженерлік желілерді тиісінше ұстау үшін жауапкершілік оның меншік иесіне жүктеледі және теңгерімдік тиесілілікті бөлу шекаралары бойынша айқындалады.
  2. Шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кінәлі тарап екінші тарапқа залалды заңнамаға сәйкес келтірілген өтейді.
  3. Ұсынылған қызметтер үшін төлемнің мерзімі өткен жағдайда Тұтынушы Шартқа сәйкес (32-тармақта көзделген жағдайларды қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың осы сомаларды төлейтін күнде қолданылатын, әрбір мерзімі өткен күн үшін, бірақ негізгі борыш сомасынан аспайтын мөлшерлеме бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді.

Тұрақсыздық айып мөлшерін белгілеу Тұтынушымен Шарт жасасқан кезде жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбын есептеудің басталу мерзімі, егер Тараптардың келісімімен өзгеше ескерілмесе, есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 26 күні болып табылады.

  1. Егер Өнім беруші үшін Тұтынушыға Өнім берушімен шарттық қатынастарда тұратын басқа тұлғалардың кінәсінен қызметтер көрсету ұсыну мүмкін болмаса, Тұтынушы алдында Өнім беруші жауапты болады.
  2. Тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу Тараптарды Шарт бойынша міндеттемелерді орындаудан босатпайды.
  3. Құжатпен расталған күрделі материалдық шығынға немесе уақытша еңбекке жарамсыздыққа әкеп соқтырған ауырған немесе жазатайым оқиға кезінде Тараптардың келісімі бойынша Тұтынушыға оның жазбаша өтініші бойынша өсімпұл есептеу жөніндегі мерзім ұзартылуы мүмкін.                                                       9. Форс-мажорлық мән-жайлар
  4. Тараптардың бір де біреуі форс-мажорлық мән-жайлары басталған жағдайда, яғни Шарттың талаптарын орындамауға немесе тиісті орындамауына әкеп соқтырған еңсерілмес күш жағдайлары (дүлей, зілзала-немесе болжау немесе алдын алу мүмкін емес өзге де жағдайлар), сондай-ақ әскери іс-қимылдар, ереуілдер және басқа да жағдайлар басталған жағдайда басқа тараптың алдыңда жауапты болмайды.

Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде Өнім беруші олар басталған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бұл туралы Тұтынушыларға ресми бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.

Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелері еңсерілмес күш жағдайларының әрекет ету мерзіміне, бірақ осындай жағдайлар Тараптардың Шарт бойынша міндеттемелерін орындауға кедергі келтіретін дәрежеде ғана тоқтатылуы мүмкін.

Егер еңсерілмес күш жағдайы үш және одан да көп айларға созылған жағдайда, Тараптардың әрқайсысы басқа тарапқа болжалды бұзу күніне дейін кемінде жиырма күнтізбелік күннен кешіктірмей алдын ала хабарлаған кезде Шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте Тараптар күнтізбелік отыз күн ішінде Шарт бойынша барлық өзара есеп айырысуды жүргізуге міндеттенеді.

  1. Жалпы ережелер және дауларды шешу               33. Тараптар есепке алу аспабының техникалық жай-күйін тексеру және көрсеткіштерді алу үшін бір-біріне тәуліктің кез келген уақытында, бірақ сағат 21-00-ден кешіктірмей, коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге міндеттенеді.

Коммерциялық есепке алу аспаптары бойынша бұзушылықтар анықталған кезде, Тараптар белгіленген тәртіппен қол қойылған салыстыру актісіне тіркеуі тиіс.

  1. Өздерінің құқықтық қатынастарында Шартты және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады.
  2. Қызметтерді көрсету Шарты Тұтынушының белгіленген тәртіппен іс жүзінде желілерге бірінші қосу сәтінен бастап күшіне енеді.

Егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар үшін Шарттың іс-әрекеті мерзімсіз, ал мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес болып табылады.

  1. Шарттың талаптарын бұзу немесе өзгерту Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
  2. Тараптардың бірі Шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе бұзған кезде, екінші тарап келтірілген залалды өтеу туралы талаптар қоя отырып, Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
  3. Тараптардың арасындағы келісімге қол жеткізілмеген кезде, даулар мен қайшылықтар сот тәртібімен шешіледі.
  4. Шарт тараптарда сақталатын және бірдей заң күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде екі данада жасалады.

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге арналған Шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органдарында тіркеледі және ол тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

  1. Тараптардың келісімі бойынша Шарт үлгі Шарттың нормаларына қайшы келмейтін басқа талаптармен толықтырылуы мүмкін.
  2. Шартта ескерілмеген Тараптар арасындағы қатынастар табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеледі.

                        11.Тараптардың деректемелері

Өнім беруші:

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық

шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль

жолдары бөлімінің «Тараз су» шаруашылық жүргізу

құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы

НДС сериясы 21001 №0001519

БИН 000940000190

ИИК KZ21914142203 KZ0004C

БИК SABRKZKA

«Жинақ банкі» АҚ ЕБ

КБЕ-16 КНП 710

Мекен-жай: Тараз қ., Қазыбек би көш., 136, тел. 45-35-37

Директор__________           М.Р. Смаилов

Тұтынушы:

_________________________________

_________________________________