Қажетті құжаттар тізімдері
Шот ашу, меншік иесін өзгерту және жеке сектор үшін келісім–шартын жасасу:
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- (ХҚКО бөлімдерінде) мекенжай анықтамасы;
- Техникалық шарттар мен жобаның көшірмесі;
- Су өлшеу құрылғысының төлқұжаты;
- Сату, сыйға тарту немесе абоненттің жылжымайтын мүлікті иеленуін растайтын өзге құжатының келісім-шарт көшірмесі;
- Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама
Қажетті қосымша құжаттар:
- Жерге Мемлекеттік актісі;
- Сатып алу – сату келісім шарты.
Тұрғындардың санын өзгерту:
- Тұрғындар санының өзгерістері туралы есеп;
- Жеке куәлігінің көшірмесі;
- (ХҚКО бөлімдерінде) тіркелген тұрғындардың мекенжай анықтамасы;
Уақытша кеткен жағдайда:
- Өтініш;
- Тексеру актісі
- Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама
Жалға берген жағдайда:
- Мекенжай анықтамасы;
- Абонент, «Тараз Су» МКК су өлшеу құрылғысының болуына немесе болмауына қарамастан жалға алу келісім шартын, тексеру актісін ұсынуы тиіс;
- Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама.
Есептеу құрылғысы (ЕҚ):
Табиғи монополия қызметтерін (тауарлар, жұмыстар) тұтынушы міндетті:
- Уақтылы және толық көлемде уәкілетті орган бекіткен табиғи монополия тарифтері бойынша (бағаларды, алымдар ставкаларын) қызметтердің (тауарларын, жұмыстарын) ақысын төлеуге;
- Уақтылы және толық көлемде коммуналдық қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) құралдарын сатып алу мен орнату қызметтерін шарттардың талаптарына сәйкес төлеуге
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген техникалық талаптарын орындауға;
- Реттелетін коммуналды қызметтердің (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу құрылғылардың болуы.
Қосымша ақпарат алу үшін, мына сілтемені басыңыз:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңнамасының
11-бабы. Тұрмыстық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тұтынушының, табиғи монополия субъектісінің міндеттері.