Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі (ЕҚҚДБ)
«Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы.
Жамбыл облысының әкімі, Еуропалық қайта құру және даму банкі (әрі қарай ЕҚҚДБ), Тараз қаласы әкімі мен “Тараз Су” МКК арасында 2015 жылы 4-тамызда «Тараз қаласын сумен қамту жүйесін жаңғырту» жобасын қаржыландыру туралы келісіміне қол қойылды.
«Тараз су» МКК және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі 2015 жылдың 20 қарашадасында №42664 сомасы 1 050 000 000 теңгеге несиелік келісім шарт жасасып, ЕҚҚДБ қаржыландыруын тарту арқылы «Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы іске асырылуда.
Жоба 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №301 Жамбыл облысы Әкімдігінің Қаулысымен және 2015 жылғы 12 қарашадағы № 1121 Тараз қаласының Әкімдігінің Қаулысынмен, 2016 жылғы 12 ақпандағы №45-4 Жамбыл облыстық мәслихаты шешімімен мақұлданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 945 000,0 мың теңге мөлшерге дейінгі грант қаржысын бірлесіп қаржыландыру ҚР Үкіметініңі 2016 жылы 28 маусымында №374 Қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ, Тараз қаласы Әкімдігі тарапынан сомасы 105 000,0 мың теңге гранттық қаржыландыру 2016 жылы 4 шілдедегі №3-7 Жамбыл облысы мәслихатының шешімімен бекітілді.
Жоба үш жылдық кезеңмен, 2016-2018 жылдарға қоса алғанда, іске асырылатын болады. Басым инвестициялық бағдарламаны іске асыру кестесі:
Жобаны іске асыру құны: 2 377 729,6 мың теңге;
Қаржыландыру көзі:
- ЕҚҚДБ несиесі: 1 050 000,0 мың теңге;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант қаражаты: 945 000,0 мың теңге;
- Тараз қаласы Әкімдігінің грант қаражаты: 105 000,0 мың теңге;
- Техникалық көмек көрсету қаражаты 277 729,6 мың теңге.
Несие беру мерзімі-13 жыл, оның ішінде жеңілдік кезеңі 3 жыл және борыш сомасын өтеу мерзімі 10 жылға дейін. Несие валютасы –қазақстандық теңге, несие пайызы -4,7%+ LIBOR
Жобаның негізгі мақсаты: Тозған құрал-жабдықтарды ауыстыру, су шығынын азайту, қызметтер сапасын көтеру.
http://www.ebrd.com/work-with-us/procurement/p-pn-161006a.html