“Жамбыл су” МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне тарифтің өзгеретіні туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 25 қарашадағы № 99-бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа – босату тарифі ҚҚС-сыз 1 м³ үшін – 111,27 теңге көлемінде енгізіледі, оның ішінде тұтынушылар топтарына байланысты:
1 топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 3,0 м³ аспайтын есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 78,75 теңге;
2-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 3 тен 5 м³ дейін есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 94,50 теңге;
3-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 5 тен 10 м³ дейін есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 118,13 теңге;
4-топ – су тұтыну көлемі бір адамға айына 10 м³ жоғары есептеу аспаптары бар тұрғындарға – 157,50 теңге;
– есептеу аспаптары жоқ тұрғындарға – 159,01 теңге;
– жылу энергетикасы саласындағы коммуналдық кәсіпорындарға – 78,75 теңге;
– бюджет қаржысымен қаржыландыратын мемлекеттік мекемелерге – 225,32 теңге;
– 1 және 2 санатқа жатпайтын басқа да тұтынушыларға – 175,97 теңге мөлшерінде бекітілсін.