Қоршаған ортаға әсерді бағалау
ЕҚДБ-мен ынтымақтастық
“Жамбыл су” МКК жаңа кәріз тазарту құрылыстарын (КТҚ) салуға қаржы алуды жоспарлап отыр.
Жоба қалалық ағынды суларды тазарту бойынша ұлттық және ЕО стандарттарына, ағынды суларды басқару бойынша ЕО талаптарына, Үздік қолжетімді технологияларға (ҮҚТ) қатысты ЕО талаптарына және осындай нысандарға арналған ЕО таксономиясына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Жоба іске асырылғаннан кейін жаман иіс деңгейінің төмендеуіне де әкеледі.
Аталған жоба бойынша келесі құжаттар ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді:
1. Қоршаған ортаға және әлеуметтік салаға әсерді бағалауды қоса алғанда Экологиялық және әлеуметтік басқару Жоспары;
2. Техникалық емес түйіндеме;
3. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жоспары;
4. Экологиялық және әлеуметтік іс-шаралар жоспары;
5. Қоныс аудару жөніндегі негіздемелік келісім.