«Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы.
«Тараз су» МКК және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі 2015 жылы 20 қарашада №42664 сомасы 1 050 000 000 теңгеге несиелік келісім шарт жасасып, ЕҚҚДБ қаржыландыруын тарту арқылы «Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы іске асырылады.
Жоба 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №301 Жамбыл облысы Әкімдігінің Қаулысымен және 2015 жылғы 12 қарашадағы № 1121 Тараз қаласының Әкімдігінің Қаулысымен, 2016 жылғы 12 ақпандағы №45-4 Жамбыл облыстық мәслихаты шешімімен мақұлданды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 945 000,0 мың теңге мөлшерге дейінгі грант қаржысын бірлесіп қаржыландыру ҚР Үкіметінің 2016 жылы 28 маусымында №374 Қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ, Тараз қаласы Әкімдігі тарапынан сомасы 105 000,0 мың теңге гранттық қаржыландыру 2016 жылы 4 шілдедегі №3-7 Жамбыл облысы мәслихатының шешімімен бекітіліп отыр.
Жоба үш жылдық кезеңмен, 2016-2018 жылдарға қоса алғанда, іске асырылатын болады. Басым инвестициялық бағдарламаны іске асыру кестесі:
Жобаны іске асыру құны: 2 377 729,6 мың теңге;
Қаржыландыру көзі:
ЕҚҚДБ несиесі: 1 050 000,0 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант қаражаты: 945 000,0 мың теңге;
Тараз қаласы Әкімдігінің грант қаражаты: 105 000,0 мың теңге;
Техникалық көмек көрсету қаражаты 277 729,6 мың теңге.
Несие беру мерзімі-13 жыл, оның ішінде жеңілдік кезеңі 3 жыл және борыш сомасын өтеу мерзімі 10 жылға дейін. Несие валютасы –қазақстандық теңге, несие пайызы -4,7%+ LIBOR
Жобаның негізгі мақсаты: Тозған құрал-жабдықтарды ауыстүру, су шығынын азайту, қызметтер сапасын көтеру.