Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Табиғи монополиялар саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 сәуірде № 10705 тіркелді.
Үзінді.
…18-тарау. Сумен жабдықтау және (немесе) суды бұру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге тең қол жеткізуді ұйымдастыру және оларға қосылуға техникалық шарттарды берген кезде тең қол жеткізуді ұйымдастыру тәртібі
Ескерту. 18-тарау жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 28.02.2017 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
- Сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің өндірістік қуаты жеткіліксіз болған кезде жүйелерге жалғану басқа тұтынушыларға қызметтерді көрсетудің нашарлауына алып келетін болса, жалғануға рұқсат сұраған тұтынушыға сумен жабдықтау және суды бұру жүйелерінің қосымша қуаттарын салуға техникалық шарттар беріледі.
- Тұтынушыларды Субъектінің жүйелеріне қосу тұтынушыларда:
1) желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекарасы және тараптардың пайдалану жауапкершілігі белгіленген сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне арналған шарт;
2) Субъектінің техникалық шарттарына жауап беретін желілер мен қажетті жабдық;
3) суды есепке алу аспаптары болған жағдайда жүргізіледі.
- Тұтынушыларды Субъектінің жүйелеріне қосу “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салынған сумен жабдықтау және суды бұру жүйелері қызмет беруші берген техникалық шарттарға толық сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.
- Техникалық шарттарды көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалардың 15-тармағында санамаланған жағдайларда, сумен жабдықтау және су бұру объектілерін қосуға немесе инженерлік желілерін дамытуға елді мекеннің сумен жабдықтау және су бұру құрылыстары өнімділігінің қоры және желілерінің өткізу қабілеті жеткілікті болған жайғдайда береді.
89-1. “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-14) тармақшасына сәйкес бекітілген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында көзделген жағдайларда техникалық шарттарды беру тәртібі көрсетілген Қағидалармен айқындалады.
Ескерту. Қағида 89-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 02.12.2015 № 751 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
- Жобаланып отырған объектінің сипаттамалары өзгерген жағдайда, тұтынушының осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен жаңа техникалық шарттарға жазбаша өтініш (өтінім, арыз) беруі арқылы техникалық шарттардың қолданысы кезеңі ішінде олар өзгертілуі мүмкін.
- Сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің бастамасы бойынша техникалық шарттардың қолданысы кезеңі ішінде оларды өзгертуге тұтынушының келісімімен нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары өзгерген жағдайда рұқсат етіледі.
- Сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды алуға арналған өтініште (өтінімде, арызда) мыналар көрсетіледі:
1) тұтынушының атауы мен деректемелері, өндірістік қызметінің сипаттамасы;
2) тұтынушы техникалық шарттарды алуға уәкілеттік берген тұлға туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда);
3) сумен жабдықтау және суды бұру қызметтерін тұтынуды белгілеу;
4) жобаланып отырған объектінің сумен жабдықтау және су бұру бойынша бастапқы деректері (тәулігіне текше метр м3 /тәулік, сағатына текше метр м3 /сағ, секундына ең жоғары литр л/с) суды пайдалану түрлері бойынша, оның ішінде өрт сөндіру қажеттіліктеріне (секундына литр л/с);
5) сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін өндірісте тұтынған жағдайда сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін тұтынудың мәлімделген көлемдерін негіздейтін материалдар;
6) тұтынушы өндірістік сарқынды суларды тазарту үшін жергілікті тазалау құрылыстарының сипаттамасын (қолданыстағы объектілер үшін);
7) сумен жабдықтау және/немесе су бұру қызметтерін өндірістік тұтынған жағдайда, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын және ағызылуға тиіс сарқынды сулардың;
қазіргі жағдайда және перспективада түрлері бойынша өндірістік сарқынды сулардың шығыстары;
қазіргі жағдайда және перспективада тұрмыстық сарқынды сулардың шығыстары;
қазіргі жағдайда және перспективада жекелеген көрсеткіштер (физикалық, химиялық, биохимиялық, бактериологиялық, радиоактивті) өндірістік сарқынды сулардың құрамы;
шығарудағы сарқынды сулардың тұрмыстық шығыстары жөніндегі деректер мен сипаттамалары;
8) қосылатын объектінің сипаттамалары (ғимараттың мақсаты, биіктігі немесе қабаты, қосалқы тұтынушылардың тізбесі).
- Сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттар алуға арналған өтінішпен (өтініммен, арызбен) тұтынушы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге жаңа құрылысты салу үшін жер учаскесін (учаскені қолдану үшін рұқсатты) алу туралы жергілікті атқарушы органның шешімін немесе қолданыстағы объектілерді өзгертуге (реконструкциялауға, жаңадан жоспарлауға, қайтадан жабдықтауға) жергілікті атқарушы органның рұқсатын ұсынады.
- Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде объектіге қосылуға немесе сумен жабдықтау және су бұру құрылыстарының өнімділігінің қоры және сумен жабдықтау және су бұру желілерінің өткізу қабілеттілігі жеткілікті болған кезде инженерлік желілерді дамытуға техникалық шарттар береді немесе себептерін көрсете отырып, техникалық шарттарды беруден бас тартады.
Бұл ретте тұтынушыға техникалық шарттарды беруден бас тарту үшін:
1) егер жаңа объектілерге қосылу немесе қолданыстағы қуаттарды ұлғайту басқа тұтынушыларға көрсетілетін қызметтер сапасының нашарлауына алып келетін жағдайлар;
2) осы Қағидалардың 92, 93-тармақтарында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау жағдайлары негіз болып табылады.
- Техникалық шарттарды беруден бас тарту жазбаша нысанда жасалады және бес жұмыс күні ішінде беріледі.
- Құрылыстардың өнімділігі және/немесе сумен жабдықтау және/немесе су бұру желілерінің өткiзу қабiлеті жеткіліксіз болған кезде көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жаңа қуаттарды салуды ескере отырып, техникалық шартты береді.
- Техникалық шарттар Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және нормативтік техникалық құжаттарының талаптары ескеріле отырып жасалады.
Елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне бірнеше көрсетілетін қызметтерді жеткізуші қызмет көрсетсе, олардың әрқайсысы өздерінің теңгеріміндегі сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылуға техникалық шарттарды әзірлейді және береді.
- Техникалық шарттар жоба (жобалық-сметалық) құжаттаманың құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығы мерзімінде қолданады.
- Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші әзірленген және берілген техникалық шарттардың есебін және тіркеуді ұйымдастырады. Берілген техникалық шарттардың бір данасы көрсетілетін қызметтерді жеткізушіде сақталады. Берілген техникалық шарттардың мерзімі шектелмейді.
- Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылу көрсетілетін қызметтерді жеткізуші беретін қосылуға арналған техникалық шарттардың негізінде әзірленген жобалық құжаттамаға сәйкес мынадай құжаттарды қоса бере отырып, қосылуға жазбаша өтінішті (өтінімді, арызды) алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі:
1) қызметтер жеткізушімен алдын ала келісілген объектінің сумен жабдықтау және су бұру желілері мен құрылыстарын салуға арналған жобасы;
2) жасырын жұмыстарға арналған акті;
3) жүйелерді гидравликалық сынаудың жүргізілуі және нәтижелері туралы акті;
4) суды бактериологиялық талдаудың теріс нәтижелерін ұсына отырып, сумен жабдықтау желілері мен құрылыстарын жуудың және дезинфекциялаудың жүргізілгені туралы акті;
5) электрондық және қағаз жеткізгіштерде 1:500 масштабындағы тұтынушының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің сыртқы желілері мен құрылыстарының орындаушы түсірілімі;
6) сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің теңгерімдік тиесілігін шектеу туралы акті;
7) есепке алу аспабын орнатудың және оларды пломбалаудың дұрыстығын тексеру актісі;
8) тұтынушы объектісінің сумен жабдықтау және/немесе су бұру жүйелерінің елді мекендегі сумен жабдықтау және/немесе суды бұру жүйелеріне қосылуға техникалық әзірлігінің және көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің техникалық талаптарын орындаудың актісі…
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК