Табиғи монополиялар туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі N 272 Заңы.

МАЗМҰНЫ

Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Заңның тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 2008.12.29 № 116-IV (01.01.2009 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Үзінді.

Осы Заң табиғи монополиялар салаларындағы қызметті реттейді, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи монополиялар субъектілерінің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған.

 

 …11-бап. Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері

Табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушы:

1) табиғи монополия субъектісінің көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алым ставкалары) бойынша уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

2) жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілері белгілейтін техникалық талаптарды орындауға;

4) реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда – ҚР 2008.12.29 N 116-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді – 2010.03.15 № 255-IV Заңдарымен…
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Құжаттың толық нұсқасы