Суық су есептеу құралдарының келесі (кезектен тыс) тексеру ережесі
- Су есептеу құрылғысын тексеру үшін, Абонент су өлшеу бөліміне тексеру мерзімнің өтуіне байланысты, есептеу құралын тексеру мен пломбасынан шешу жолдамасын ескертумен 1-АБ, 2-АБ ұсынысын тапсырады.
- Су есептеу құрылғысын тексеру үшін, Абонент су өлшеу бөліміне берешектің болмауы туралы анықтаманы немесе тексеріс алдындағы айдың төленген түбіртегін ұсынады.
- Абонент, су есептеу құрылғысын тексеру жолдамасын алғаннан кейін, құрылғыны өзі шешуге құқылы немесе бөлшектеу/монтаждау құнын Су өлшеу бөліміне төлеуге міндетті.
- Абонент, су есептеу құрылғысын тексеру үшін Су өлшеу бөлімнің кассиріне тексеру, пломбалау құнын, қажет болған жағдайда бөлшектеу/монтаждау құнын да төлейді.
- Су өлшеу құрылғысын тексергеннен кейін, Су өлшеу бөлімнің қызметкерлері Абонентке тексеруден өткені туралы белгіленген үлгідегі Сертификат береді.
- Тексерілген су өлшеу құрылғысын орнатқаннан кейін, Су өлшеу бөлімнің қызметкері, Су өлшеу бөлімде тіркелген пломбалау туралы 2 дана актісін толтырады. Актіде нөмірі, пломбалау/орнату мерзімі, мекенжайы және Абоненттің аты-жөні, құрылғының нөмірі мен маркасы, орнату орны, анықтама немесе түбіртек нөмірі, құрылғыны немесе пломбаны орнатқан қызметкердің аты-жөні жазылуы тиіс.