Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында атқарылған іс-шара

2024 жылғы 16-қазанда Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Жамбыл су» ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің қызметкерлерімен жиналыс жүргізілді. Жиналысқа «Жамбыл су» ШЖҚ МКК мемлекеттік сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау бөлімінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңы (енгізілген өзгерістер) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша мәселелер қаралды.

Заң Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданғаны және жалпы, Заң сатып алу процессінің рәсімдерін оңтайландыруды, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстары мен көрсетілген қызметтердің сапасын жақсартуды, мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың жауапкершілігін күшейтуді және бәсекелестікті дамытуды көздейтіні жөнінде айтылды.