«Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы.

«Тараз су» МКК және Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкі  2015 жылы       20 қарашада №42664 сомасы 1 050 000 000 теңгеге несиелік келісім шарт жасасып,  ЕҚҚДБ қаржыландыруын тарту арқылы «Тараз қаласының сумен жабдықтау жүйелерін жетілдіру» жобасы іске асырылады.

Жоба 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №301 Жамбыл облысы Әкімдігінің Қаулысымен  және 2015 жылғы 12 қарашадағы № 1121 Тараз қаласының Әкімдігінің Қаулысымен, 2016 жылғы 12 ақпандағы №45-4  Жамбыл облыстық мәслихаты шешімімен мақұлданды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 945 000,0 мың теңге мөлшерге дейінгі грант қаржысын бірлесіп қаржыландыру ҚР Үкіметінің 2016 жылы 28 маусымында №374 Қаулысымен бекітілді. Сондай-ақ, Тараз қаласы Әкімдігі тарапынан сомасы          105 000,0 мың теңге гранттық қаржыландыру 2016 жылы 4 шілдедегі №3-7 Жамбыл облысы мәслихатының шешімімен бекітіліп отыр.

Жоба үш жылдық кезеңмен, 2016-2018 жылдарға қоса алғанда, іске асырылатын болады. Басым инвестициялық бағдарламаны іске асыру кестесі:

Жобаны іске асыру құны: 2 377 729,6 мың теңге;

Қаржыландыру көзі:

ЕҚҚДБ несиесі: 1 050 000,0 мың теңге;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант қаражаты: 945 000,0 мың теңге;

Тараз қаласы Әкімдігінің грант қаражаты: 105 000,0 мың теңге;

Техникалық көмек көрсету қаражаты 277 729,6 мың теңге.

Несие беру мерзімі-13 жыл, оның ішінде жеңілдік кезеңі 3 жыл және борыш сомасын өтеу мерзімі 10 жылға дейін. Несие валютасы –қазақстандық теңге, несие пайызы -4,7%+ LIBOR

Жобаның негізгі мақсаты: Тозған құрал-жабдықтарды ауыстүру, су шығынын азайту,  қызметтер сапасын көтеру.