Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 17 қазанда № 7257 тіркелді

Үзінді.

 …5. Жеке жағдайларда сумен жабдықтау және су бұру қызметінің

көрсетілген көлемін есепке алу

  1. Бұзушылықтар анықталған кезде сумен жабдықтау қызметінің көрсетілген көлемін есептеу:
    1) есептеу құралының көрсеткіштерін бұрмалаушы бұйымдарды айқындаған жағдайда – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап анықталған күнге дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
    2) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесінен ысырап анықталған кезде, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – жойған күнге дейін нақты уақыт бойы кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі. Егер ысырап басталған күнді анықтау мүмкін болмаса – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап, бірақ екі айдан артық емес;
    3) есептеу құралын тексеру үшін қызмет көрсетушінің лауазымды адамын тұтынушы (оның өкілдері) жібермеген кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап жібергенге дейін есептеу құралы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;
    4) тұтынушының есептеу құралында және/немесе су өлшеуіш торабының айналма сызығында (жапқыш жабдықта), өрт сөндіру гидранттарында пломбалардың жұлынуы анықталғанда – су өлшеуіш торабын немесе су өлшеуіш торабын соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап қызмет көрсетушінің өкілі қайта пломбалағанға дейін кірме су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
    5) тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргенде – бөгет болған сәттен бастап қызмет көрсетушінің өкілі пломбалағанға дейін есептеу құралы орнатылған су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі;
    Тұтынушы немесе оның өкілі есептеу құралын орнатуға негізсіз кедергі келтіргені туралы қызмет көрсетушінің өкілі тиісті акті жасайды, оған екі тарап қол қояды. Тұтынушы немесе оның өкілі қол қоюдан бас тартқан жағдайда, актіге қызмет көрсетушінің өкілі және су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында өңірлік органының өкілі не қоршаған ортаны қорғау саласында аумақтық органының өкілі, не мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының өкілі, не кондоминиум объектісін басқару органының өкілі қол қояды;
    6) қызмет көрсетушіге есептеу құралының ақаулары туралы хабарламаған кезде – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап ақаулар анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
    7) сумен жабдықтау және су бұру қызметін көрсету жөнінде қызмет көрсетушімен шарт жасаспай елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) сумен жабдықтау желілерінен су пайдалану фактісі анықталғанда – кірмеге өз бетімен қосылып, нақты пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
    8) өрт сөндіру жағдайларынан басқа, өртке қарсы жүйелерінен су пайдалану фактісі анықталғанда – өз бетімен пайдаланған уақыттан бастап анықталған кезге дейін өз бетімен пайдалану жүзеге асырылған өрт краны немесе гидрант алдындағы дейін су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ екі айдан артық емес;
    9) тұтынушының сумен жабдықтау жүйесіне қосылған су құбыры арқылы суару фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап мұндай су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес;
    10) судың төгіле тұрақты ағу фактісі анықталғанда, кірмеде есептеу құралының болмауы немесе оның ақаулары болғанда – соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап су жеткізетін құбырдың толық өткізу қабілеттілігі бойынша жүргізіледі, бірақ бір айдан артық емес.
    23. Осы Әдістеменің 22-тармағында көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде су бұру қызметінің көлемін есептеу, 22-тармақтың 2) және 9) тармақшаларынан басқа, егер су бұру қызметінің көлемі есептелмесе, сумен жабдықтау қызметінің есептелген көлеміне тең қабылданады.
    24. Қызмет көрсетушінің сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған тұтынушы су бұру жүйесіне ағызатын сарқынды су көлемін есептеуге қажетті деректер ұсынбаған жағдайда, көрсетілген су бұру қызметінің көлемі нақты пайдаланған уақыт кезеңі үшін елді мекеннің су бұру жүйесіне қосылған жерде өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады.
    25. Тұтынушының аумақтарынан, өнеркәсіп және құрылыс алаңдарынан елді мекеннің су бұру жүйесіне беткі сарқын суларды ағызу фактісі анықталғанда су бұру қызметінің көлемі соңғы тексеру жүргізген уақыттан бастап өзі ағатын су құбырының толық өткізу қабілеттілігі бойынша анықталады, бірақ бір айдан артық емес…

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің “Республикалық құқықтық ақпарат орталығы” ШЖҚ РМК

Құжаттың толық нұсқасы