Қажетті құжаттар тізімдері

Шот ашу, меншік иесін өзгерту және жеке сектор үшін келісімшартын жасасу:

  1. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  2. (ХҚКО бөлімдерінде) мекенжай анықтамасы;
  3. Техникалық шарттар мен жобаның көшірмесі;
  4. Су өлшеу құрылғысының төлқұжаты;
  5. Сату, сыйға тарту немесе абоненттің жылжымайтын мүлікті иеленуін растайтын өзге құжатының келісім-шарт көшірмесі;
  6. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама

Қажетті қосымша құжаттар:

  1. Жерге Мемлекеттік актісі;
  2. Сатып алу – сату келісім шарты.

Тұрғындардың санын өзгерту:

  1. Тұрғындар санының өзгерістері туралы есеп;
  2. Жеке куәлігінің көшірмесі;
  3. (ХҚКО бөлімдерінде) тіркелген тұрғындардың мекенжай анықтамасы;

Уақытша кеткен жағдайда:

  1. Өтініш;
  2. Тексеру актісі
  3. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама

Жалға берген жағдайда:

  1. Мекенжай анықтамасы;
  2. Абонент, «Тараз Су» МКК су өлшеу құрылғысының болуына немесе болмауына қарамастан жалға алу келісім шартын, тексеру актісін ұсынуы тиіс;
  3. Сумен жабдықтау және кәріз жүйесі бойынша берешектің болмауы туралы анықтама.

Есептеу құрылғысы (ЕҚ):

Табиғи монополия қызметтерін (тауарлар, жұмыстар) тұтынушы міндетті:

  1. Уақтылы және толық көлемде уәкілетті орган бекіткен табиғи монополия тарифтері бойынша (бағаларды, алымдар ставкаларын) қызметтердің (тауарларын, жұмыстарын) ақысын төлеуге;
  2. Уақтылы және толық көлемде коммуналдық қызметтердің (тауарлар, жұмыстар) құралдарын сатып алу мен орнату қызметтерін шарттардың талаптарына сәйкес төлеуге
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің белгіленген техникалық талаптарын орындауға;
  4. Реттелетін коммуналды қызметтердің (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу  құрылғылардың болуы.

Қосымша ақпарат алу үшін, мына сілтемені басыңыз:

«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» ҚР Заңнамасының

11-бабы. Тұрмыстық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тұтынушының, табиғи монополия субъектісінің міндеттері.